Сынауыққа 1-2 мл сілті ерітіндісін құйындар. Үстіне 2-4 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызыңдар. Не байқадыңдар? Осы ерітіндіге бояудың түсі жойылғанша сұйылтылған күкірт қышқылын тамызыңдар. Бұл реакция қалай аталады? Тиісті химиялық реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.