Суды дистельдеу деген не? ​

pitonpitonov pitonpitonov    2   09.09.2020 17:57    2

Ответы
maksimtitov98 maksimtitov98  15.10.2020 19:20

ответ:ДИСТИЛДЕУ – сұйық қоспаларды бір-бірінен бөліп алу әдісі. Ол сұйық қоспа құрамының одан түзілетін бу құрамынан айырмашылығына негізделген. Дистилдеу бөліп алатын сұйықтықты алдымен біртіндеп буландырып, артынан буды қайтадан конденсаттау арқылы жүзеге асырылады. Нәтижесінде бөліп алынған (айдалған) фракция (дистиллят) қайнау температурасы төмен, ұшқыштығы жоғарылау, ал айдалмаған сұйықтық (ыдыстың түбінде қалатын) қайнау температурасы жоғары, ұшқыштығы төмендеу құрамдас бөліктерге ажырайды. Егер бастапқы қоспадан бір фракция (әдетте қайнау температурасы ең төмен не қайнау температуралары бір-біріне жақын бірнеше сұйық заттардың қо айдалса, оны жай дистилдеу, ал бірнеше фракция бөлініп алынса, фракциялық дистилдеу деп аталады. Дистилдеуді іске асыратын қондырғы жылытатын ыдыстан және дистиллятті жинайтын бір не бірнеше ыдыстардан тұрады. Дистилдеу, көбінесе мұнайдың құрамдас бөліктерін бір-бірінен бөлу үшін не суды онда еріген минерал тұздардан, т.б. заттардан тазарту үшін қолданылады.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Химия