Эссе на тему "қышқыл жаңбырдың зияны"!

крыска235 крыска235    3   08.01.2020 13:04    0

Ответы
Wenros Wenros  11.10.2020 00:00

Қышқыл жауындардың пайда болуының негізгі себебі күкірттің қос оксидімен ластану болып табылады. Су буының қатысуында күкіртті ангидрид күкірт қышқылының ерітіндісіне айналады. Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінен көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі. Оларға органикалық қышқылдар мен басқа да қосылыстар араласып, қышқыл реакциясы бар ерітінді береді. Қышқыл жауынның түзілуіндегі күкірт қос оксидінің үлесі 70%. Алғашқы қышқылдық жауындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған.Бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр, қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқылдық жауын-шашындар Скандинавия елдері, Англия, ФГР, Бельгия, Дания, Польша, Канада, АҚШ-тың солтүстік аудандарына тән. Қышқыл жауын-шашын топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектура ескерткіштеріне, ғимараттарға және т.б зиянды әсер етеді. Бірінші жағдайда онсыз да қышқылдығы жоғары топырақ қышқылданады. Бұл топырақтарда қышқылдылықты нейтралдайтын (кальций карбонаты, доломит және т.б) табиғи қосылыстар болмайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Химия