B 1. Күкірттің атомы үшін оның IV және VI - валенттіліктеріне сәйкес келетін электронды-графикалық формуласын жазыңдар. 2. Көміртек элементінің оттекті және сутекті қосылыстарындағы валенттіліктері неге бірдей (IV)? 3. Көміртек, азот, оттек, фтор элементтерінің сутекті қосылыстарындағы валенттіліктерінің мәні ІV-тен I-ге дейін кемиді, оның себебі неде?