Алмаздың физикалық қасиеті​

vikakotova3 vikakotova3    2   20.05.2020 09:31    10

Ответы
tahogomelp07u2x tahogomelp07u2x  15.10.2020 01:32

ауада 850—10000С-та, оттекте 720—8000С-та жанады, вакуум мен инертті газда 20000С-та 15-20 минутта түгелдей графитке айналады. Графит немесе көмір сияқты жұмсақ тектестерімен салыстырғандағы Алмастың орасан қаттылығына оны құрайтын көміртек атомдары арасындағы өте берік ковалентті байланыс себепші болады. Алмас үлкен тереңдікте, жоғарғы мантия аумағындағы зор температура мен қысым әсерінен пайда болады. Ол қопарылыс түтіктерін толтыратын кимберлит құрамында кездеседі. Басқаша айтқанда қопарылыс түтіктері Алмас кендерін іздестірудің негізгі сілтемесі болып табылады. Сапасына және нарықтық сұранысқа байланысты Алмас кристалдары зергерлік Алмас және техникалық Алмас болып ажыратылады. Зергерлік Алмас мөлдір, ақаусыз (қуыссыз, жарықшасыз, сызатсыз), қо аса берік болуы шарт. Өйткені ол — әсемдік бұйымы болумен бірге капитал сақтаудың сенімді тәсілі. Техникалық Алмас ұнтақ немесе тиісті пішінге келтірілген кристалдар түрінде қолданылады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Химия