•3. Массасы 22,5 г темір мен көлемі 15,68 л хлорды (қ.ж.) әрекет- тестіргенде түзілетін темір (ІІІ) хлоридінің массасын есептеңдер. Жауабы: 65 г. •4. Массасы 14 г темірді 4,8 г күкіртпен қосып қыздырды. Темір (ІІ) сульфидінің массасын анықтаңдар. Жауабы: 13,2 г. •5. Болат 5,6 л сутек және оттек (қ.ж.) газдары бар. Қоспаны жаққанда түзілетін судың массасын есептеңдер. Жауабы: 4,5 г. •6. Көлемі 3,36 л (қ.ж.) көмірқышқыл газы 8 г магний оксидімен әрекеттесті. Магний карбонатының массасын есептеңдер. Жауабы: 12,6 г. •7. Массасы 22 г кальций хлориді мен 15 г фосфор қышқылының ерітінділерін араластырды. Түзілген тұнбаның массасын есептеңдер. Жауабы: 20,7 г. •8. Массасы 10 г натрий гидроксиді мен 19,6 г күкірт қышқылын әрекеттестіргенде түзілетін орта тұздың массасын есептеңдер. Жауабы: 17,75 г. •9. 5,4 г мыс (ІІ) хлориді ерітіндісіне 1,02 г күкіртсутек қышқы- лын қосты. Түзілген тұнбаның массасын есептеңдер. Қандай зат және оның қандай мөлшері артылып қалады? Жауабы: 2,88 г тұнба және 1,35 г CuCl, артылып қалады.