Азоттың осксидтері— азоттың оттекпен қосылыстары. Азот тотығы (монооксид), NO — түссіз газ; қайнау t — 151,8oС, балқу t — 163,6С; қосып алу, тотығу реакцияларына бейім. Азоттың шала тотығы (гемиоксид), N2O — түссіз газ; қайнау t — 89,5oС, балқу t — 102,4oС. Сумен, қышқылмен, сілті ерітінділерімен әрекеттеспейді, тотықпайды. Медицинада наркоз (“шаттандырғыш газ”) ретінде пайдаланады. Азоттың қос тотығы (диоксид), NO2 — қоңыр түсті газ, қайнау t — 21,15oC, балқу t — 11,2oС. Ол азот қышқылын өндіру үшін және сұйық ракета отыны мен қопарылғыш заттардың тотықтырғышы ретінде пайдаланылады. Азотты ангидрид, N2O3 — қоңыр қызғылт түсті газ, қайнау t — 13,5oC; балқу t — 102oС; сумен азотты қышқыл (HNO2), сілтілермен нитриттер түзеді. Азот ангидриді, N2O5 — түссіз кристалл, сумен қосылып азот қышқылын (HNO3) түзеді. Жалпы азот оксидтері — физиологиялық актив заттар. Сондықтан ағза үшін зиянды. Азот әр түрлі оксидтер түзеді:
N2O, NO, N2O3, NO2, N2O5
N(I) және N(II) оксидтері тұз түзбейтін оксидтер, қалғандары қышқылдық оксидтер.
Объяснение: