Магний (лат. Magnesіum; Mg) — элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ топтың элементі, атом нөмірі 12, атом м. 24,312. Табиғатта үш изотопы бар: 24Mg, 25Mg, 26Mg. 1808 ж. ағылшын ғалымы Г.Дэви (1778 – 1829) ашқан. Жер қыртысындағы масса бойынша мөлш. 2,1%. Ол барлық қосылыстарында екі валентті. Магний күмістей ақ, өте жеңіл, берік металл; тығыздығы 1,74 г/см3, балқу t 650ӘС, қайнау t 1107ӘС.