1. Қоспа деген не? Әртүрлі агрегаттық күйдегі табиғи қоспаларға мысалдар келтіріп, оның құрамындағы заттарды ата.
2. Таза заттар мен қоспаларды бөліп жаз: тіс пастасы, лимон шы-
рыны, парафин, дистилденген су, сынап, болат, қант, топырақ,
күкірт, йод тұндырмасы, мұз.
з Біртекті және әртекті қоспаларды бөліп жаз:тұман,топырақ,газдалған су,түтін,сүт,гранит,қола,бұлақ суы,тіс пастасы,теңіз суы,583 сынамалы алтын.Әр қоспа үшін заттың агрегаттық күйін көрсет.
4 Ғарыш стансысында сүзу арқылы қоспаны бөлуге болама?
5 Гомогенді немесе гетерогенді ауа деп қандай ауаны айтады?
6 Қоспаны бөлудің негізгі әдістерін ата.
7 Шаңсорғыштың шаңды ауаны сорып,оны тазартуы қай әдіспен жүзеге асады.
8 Ас тұзы мен тіс тазартатын ұнтақты,бензин мен суды және спирт пен суды қалай бөлуге болады