Зытып келем, зытып келем.Зытып келе жатқаным - қашып келемін, артыма қарай беретінім - қорқып келемін... Қашуымның да, қорқуымның да балаға лайық себептері бар. Бір табын сиырды айдалаға тастап, қалаға қашып бара жатсаңыз, екі көзіңіз алақандай болатын сияқты. Бала да болсам бақташымын ғой. Мен қазір ондамын. «Әліпті таяқ деп білмейсің», - деп ауылдың балалары мазақтай беретін еді. Жазғытұрым қолыма сиыршының таяғы түсті.Енді естияр азамат болдың... Мына таяқты қолыңа ал, осы ауылдың сиырын енді сен бағасың! деп ағам Айдынғали таяғын маған ұстатты да өзі аяқ-еңбек іздеп, қалаға кетті. Сол «естияр азаматыңыз» бүгін міне, алды-артына жалтақтай қарап, Гурьевке қарай қашып келе жатыр. Ойында сиыршының таяғын әліптің таяғына айырбастау да бар. — Бір торпақ жоғалса, он жыл сарайға қамаймын! — деген қарамұрт басқарма. Әйтеуір, қалаға қарай сызып келемін. Бақташыдан құтылған сиырлардың біразы егінге кірген. Қалаға кіріп, қатар-қатар тізілген көп тақтай дүкендердің оңашарақ тұрған біреуінің жанына келдім де жып-жылы жерге құлай кеттім. Жұмсақ құм өзінен-өзі үгітіліп, жамбасқа жайлы төсек бола кетті... О, қасқаңның жатысын-ай!.. — деп, тап өзіме ұқсаған екі бала оятты. (155 сөз)

1. Мәтін бойынша өз көзқарасыңызды білдіріңіз:
Кейіпкер неге қашып келеді?
Менің ойымша,​

twilightsun90 twilightsun90    1   17.05.2021 10:22    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi