Жырды оқу, жырда не туралы айтылады? Төрт-бес сөйлеммен жауап беріңдер. Баян бір бекінеді ойға келіп , Зиратын жасатпаққа көзбен көріп . Бекініп , белін буып түрегеліп , Сөйлесті әкесіне сәлемге еніп ... Бір күмбез жасатқызсын мұнара қып , Тілегім бай әкеме болса қолай . Дүниеден ер Қозыке не көріпті , Алты аршын бөз бұйырып жатыр сұлай . Сарыбай Сағынбайға біліндірді , Баянжан тілек қылған шынын білді . « Баянжан өз еркiнше жасатсын » , деп , Сарыкең рұқсат етіп ділін білді . Аймақтағы шебердің бәрін жиып , Тас тасып , ағаш кесіп бүліндірді . Тұс - тұстан тасын өртеп , кірпіш құйып , Көп шығын Сарыбайға іліндірді . Қырық күнде моланы болды жасап , Сойыс , ақы көп пұлды кетіпті асап . Сол заманда болмаған ондай күмбез , Мақтау емес , расы , жаза салсаң . Қозы Көрпеш - Баян сұлу » деп ат жаздыр , Кейінгілер көрмекке хат жаздырды . Қырқында ат шаптырып , нәзiр берді , Естіген ел жиылып түгел келді ...