Жырда төлеген қандай кейіпкер ретінде суреттелген​

    3   11.09.2020 08:54    6

Ответы
ВладыкаМор ВладыкаМор  11.09.2020 09:01

Төлеген образы жаңа заман өкілі іспетті берілген. Оның  басы ескіліктің шырмауынан мүлдем құтылып үлгерген жоқ. Кейде өзі сол ата-баба салтының кейбір сарқыншақтарын қолдайды да. Бұл ретте оның әмеңгерлікті қабылдауын мысалға келтіруге болар еді. Жайықтан шығар алдында Төлеген сүйген жары Жібекке «Егер де мен апатқа ұшырай қалсам, сені іздеп келетін Сансызбай деген қайның бар», — деп,  күні бұрын өзінің тілегін, еркін білдіреді.Әрине, бұл Төлегенге оңай түспейді. Оған арманы, тілегі және мұратына жету жолында қарсы күштер аз болмайды. Өзі шын жүрегімен сүйген асыл жары Жібекке қосылуы үшін Төлеген бірнеше кедергілерді жеңіп шығуға тиісті. Ең әуелі ол  Шектіге екінші сапарында қарт әкесінің рұқсатынсыз аттанады. Ал ескі ұғымда атаның теріс батасын алу үлкен кедергі. Екінші, осы сапарында Төлеген алыс жолдың азабын басынан кешіруі қажет. Үшінші, Бекежан мен оның қарақшылары да Төлгенге мықты тосқауыл. Автордың топшылауынша түптеп келгенде  Төлеген бар болғаны тек жалғыз жүрген жан ғана, себебі оны өз үй-іші де, бүкіл қоғам да қостамады. Ең ақыры Қос Оба көлі басында оққа ұшып жантапсырғалы жатқан кезінде мұңын шағып, ақтық сөзін айтарлық бірде-бір  тірі жан таба алмай, бар өкінішін аспандағы алты қазға білдіреді.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi