Жылу қозғалтқыштарының өміріндегі маңызы реферат

madinamerzhoeva madinamerzhoeva    1   11.09.2019 08:50    0

Ответы
Аринкаlove7002 Аринкаlove7002  07.10.2020 07:08

Жылу қозғалтқыштарының адам өміріндегі маңызы.

Жылу қозғалтқыштарының адам өміріндегі маңызы туралы айтпас бұрын алдымен «жылу қозғалтқышы» деген ұғымға анықтама беріп кетейік.

Сөздік бойынша жылу қозғалтқышы дегеніміз – жылу энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіретін қозғалтқыш. Жылу қозғалтқышы табиғи энергетикалық қорларды химиялық немесе ядролық отын түрінде пайдаланады. Жылу машиналарының іштен жану қозғалтқышы, бу турбинасы, реактивті қозғалтқыш, турбо-компрессорлы қозғалтқыш және тоңазытқыш секілді түрлері бар.

Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуына байланысты өмірімізді жылу қозғалтқыштарынсыз елестету мүмкін емес. Яғни, олардың адам өмірінде орасан зор пайдасы бар екенін көре аламыз.

Жылу машиналары өндірісте және күнделікті өмірде кеңінен қолданылады. Қуатты тепловоздар магистральдар бойымен пойыздарды, су жолдары бойымен қозғалтқыш тепловоздарды жүргізеді. Ішкі жану қозғалтқышы бар миллиондаған автомобильдер жүктерді және жолаушыларды тасымалдайды. Ұшақтар мен тікұшақтар поршеньдік, турбобұранжалы және турбореактивті қозғалтқыштармен жабдықталған. Зымыран қозғалтқыштары жасанды жер серіктері, ғарыш кемесі және станцияларды ұшыру үшін қолданылады. Ішкі жану қозғалтқыштары ауыл шаруашылығындағы өндірістік процестерді механикаландыру негізі болып табылады. Олар тракторларға, комбайндарға, өздігінен жүретін шассиге, сорғы станцияларына орнатылады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi