Жыл құсы тіркесіне анықтама жазу керек дұрыс жазыңдаршы

IMAM057788 IMAM057788    1   09.02.2021 09:26    3

Ответы
LLLLLina LLLLLina  11.03.2021 09:27

2006 жылдан бастап біздің елімізде Қазақстан биоалуандықты сақтау қауымдастығы мен Қазақстандағы құстарды сақтау одағы бірлесіп "Жыл құсы" ақпаратты науқанын өткізуде.Онда жыл сайын Қазақстандағы жоғалып бара жатқан бір құсты алып,жыл бойы сол құсқа қамқорлық көрсетеді.Мысалы 2006жылдың жыл құсы-Тарғақ болған.2020жылда ителгі құсы-"Жыл құсы" болды.Биылғы 2021 жылдың жыл құсы болып,Бірқазан белгіленді.Қазақстан республикасы бойынша бірқазан қызыл кітапқа енген құс.Бірқазанның Қазақстан бойында екі түрі мекендейді.Қызыл және бұйра бірқазандар.Бірқазандар балықпен көректенетіндіктен,одар мекендеген жердерде балық қоры көп болуы керек. Бірқазандардың өсуіне су деңгейі мен судың тазалығыда әсер етеді.Бірқазандар заңмен қорғалған.Олар Қазақстанда,каспий,балқаш көлі сағаларында,Іле,Сырдария орта ағынында,Алакөл,Қара Ертіс өзен сағаларында және т.б. жерлерде мекендейді.Бірқазандар қыстау үшін Солтүстік Үндістанға,Африкаға,Таяу Орта шығысқа,Жерорта теңізіне ұшып кетеді.Бізде "Жыл құсы"атанған құстарға қамқорлық көрсетейік.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi