Журнак жалгау дегенимиз не дос сойлем кура.

silenceeee silenceeee    1   15.07.2019 04:20    1

Ответы
nellit03 nellit03  31.07.2020 13:55

Қосымша жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз: жұмыс – жұмысшы, ойын – ойыншық.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз: жұмыс – жұмыста, ойын – ойынға.


Қазақ тілінің жалғаулар түрлері:

   1. Септік

  2. Көптік

   3. Тәуелдiк

   4. Жіктік

  Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:

1.    сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;

2.    сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.

Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”).


Достық (жұрнақ) Адамдардың достығы әдетте жыл өткен сайын беки түседі.

Досым (жалғау) Менің досымның есімі - Арнұр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi