Бүгін жаздың шуақты жексенбілерінің бірі еді.Кішкентай Фатима үстіне әдемі көйлегін,басына көбелектері бар қалпағын киіп кіреберісте былай да былай жүр.Бүгін анасы екеуі хайуанаттар бағына баратын боп жоспарлаған еді.Тек анасы сәл кешігіп жатыр.Әне-міне деп хайуанаттар бағына да келіп жетті.Анасы қызына қарап:"Ал,саяхатымызды бастаймыз!" деп басынан сипады.Фатима болса шапалақтап,орнынан секірді.Не дегенмен,ол өмірінде алғаш рет жан-жануарларды,құстарды, қосмекенділер мен жорғалаушыларды өз көзімен көргелі тұр ғой.
Хайуанаттар саябағында талай қызық болды.Кішкентай маймылдар Фатиманы көріп билеп берді.Фатима болса,олардың биін күлкілі етіп қайталап шықты.Тордағы арыстанды өзіне шақырып,енді ол жақындай бергенде анасының артына тығылып кетті.Ал неше түрлі жыландарды көргенде қорқып,жылап та алды.Оған құстар қатты ұнады.Өз қолынан тамақ та беріп үлгерді.Осылайша шаршаған анасы мен қызы үйге қайтуды жөн көреді.Жол бойы Фатима бақтан алған айрықша әсерін айтып,тағы да келуін анасынан өтініп сұраған еді.
Хайуанаттар бағында.