Жоспар: 1.арал теңiзi 2. арал теңізінің апатты аймаққа айналуы
3. арал теңізін құтқару шаралары
тірек сөздер: арал теңізі, мен, апатты аймақ, қазір
ғаламдық мәселе, буға айналу, аударылды, бұрынғыдай, су
аз, айналдым, суалып қалды.
қазір
• монологіңді былай деп баста:
мен арал теңізімін. ​

pugovka2017 pugovka2017    2   17.09.2019 11:00    44

Ответы
DRUGAЯ DRUGAЯ  07.10.2020 21:48

Арал теңізі туралы монолог.

Мен - Арал теңізімін. Қазіргі таңда менің көзден ғайып болып, апатты аймаққа айналып бара жатқаным ешкімді де бейжай қалдырмайтыны анық. Бір кездері ұзыннан-ұзақ созылып жатқан арнам мақта өсіруге қажетті химикаттарға толы тұзды алқапқа айналдым.

Бұл өңірде туындап отырған казіргі экологиялык апаттар салдарынан жыл өткен сайын менің суым азаюда. Менің фаунам мен флорам жойылып бітуге жақын. Осы өңірде тұратын тұрғындардың да әлеуметтік жағдайы бұрынғыдай емес, теңіз суы буға айналып, көптеген алқаптар суалып қалды.

Менің мүлдем жойылып кету мәселем соңғы 10 шақты жылда ғаламдық мәселеге айналып отыр. Осы уақыт ішінде менің жағдайым географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Сол ғылыми жұмыстар бойынша Арал теңізінің мәселесін қолға алып, үкімет біршама шаралар ұйымдастырып, мәселені тұрақтандыру керек деп ойлаймын. Себебі менің біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазакстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Мен сол баяғы толқындары бір – бірмен тебісіп ойнаған, балығы менсуы мол Арал теңізіне айналғым келеді...

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi