1643 жылы Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың колы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір хан Самарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгерімен жоңғарларға қарсы аттанды.1723 жыл қазақ халқының есінде қасіретті кайғыға толы ең ауыр жыл есебінде қалды. Ел қонысынан, мал-мүлкінен айырылды. Ұлан-байтақ қазақ жерінің күншығысы мен оңтүстігінен Сыр бойына қарай шұбырған сан мыңдаған халықтың көбі жол-жөнекей ит пен құсқа жем болды. Осылайша қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған жойқын апат басталды. Шұбырған елдің қанды жасынан туған әйгілі «Елім-ай» әні дүниеге келді.