Жолбарыс пен тышқан Бір жолбарыс ұйықтап жатса, үстіне бір тышқан жорғалап шығып кетіпті. Оны жолбарыс ұстап алады. Сонда тышқан айтыпты: - Ағатай, мені қоя беріңіз. Кім біледі, менің де сізге бір керегім боп қалар. Сонда жолбарыс: «Жесем ас та болмайды, жөніне жіберейін» - деп, тышқанды қоя береді. Әлгі тышқан баяғысынша жорғалап келе жатады. Кенет ол ақырған дауысты естиді. «Алырау, мынау жолбарыс қой. Үнінде бір ауырсыну бар сияқты ғой». Тышқан жорғалаған күйі солай қарай тартады. Сөйтсе, баяғы жолбарыс тұзаққа түсіп қалыпты. Жолбарысқа да жан керек, тышқанды көріп жылап жібереді. - Ал, достым, бір амалын тауып, мені құтқар, - деп тышқанға жалыныпты. Сонда тышқан: «Асықпа, саған қарыз боп қалмаспын» - деп тұзақты тісімен кеміріп, қиып жібереді. Сөйтіп жолбарысты ажалдан құтқарды. Жолбарыс сол жолы біреуге жақсылық жасасаң, оның іссіз кетпейтінін алғаш түсініпті. 1. Жолбарыс тышқанға қандай жақсылық жасады?