Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: -Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,—дейді. Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей: — Мүмкін емес,— дейді. — Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, — дейді түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп: — Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады. - Иә, сен шынында да айбарлы екенсің, - деп алданған жолбарыс жөніне кетеді
Өмірде түлкі сияқты қу адамдарға алданбай,жолбарыс сияқты аңқаулықты жеңу қажет.