Көрініс. Жол бойында абай бол! (Музыка ойнап тұрады) Жолбарыс, Қонжық екеуіі жол шетінде футбол ойнап жүреді. Оларға велосипед мінген Тышқан мен Қоян келеді. Тышқан: -Сәлем Қонжық, Жолбарыс. Халдерің қалай? Қонжық: -Сәлем. Халіміз жақсы. Тышқан:-Қонжық, Жолбарыс сендер неге бұл жерде футбол ойнап жүрсіңдер. Бұл жерде ойнау қауіпті. Қонжық: -Ой , қойшы шиқылдамай. Біз жолда ойнап жүрген жоқпыз ғой. Жолбарыс:- Бар, өз жөніңмен кете бер. Біз өзіміз білеміз.Қонжық теп допты.(Осы кезде Қонжықтың тепкен добы жол үстіне домалап кетеді. Қоян оны аламын деп жүгіргенде, оны машина қағып кете жаздайды. Машина тежегішін басып әрең тоқтайды. Қорқып қалған Қонжықты Тышқан мен Жолбарыс оны жол үстінен алып шығады.Жүргізуші-аю машинасын жол жиегіне қойып, бірге келеді. Зәресі ұшқан Қонжық жылап жібереді). Қоян: — Жылама, Қонжық, жылама. Келесі жолы абай бол. Тышқан: Жол көліктің жүрегі, Машина көп жүреді. «Қауіп жоқ» − деп ойлама, Жолда футбол ойнама! Қонжық: -Сендер бізге ақыл айтасыңдар. Ал өздерің жолда велосипед теуіп жүрсіңдер. Тышқан: -Жоқ Қонжық біз велосипедті тек арнайы рұқсат етілген жерде ғана тебеміз. Әне рұқсат етілген белгісі тұр. Жолбарыс: -Ал жолдан қалай өтесіңдер?Машиналармен жарысасыңдар ма? Қоян: Жарысып-ақ кетер ек, Машиналар өте көп. Жолдан өтем асықпай, Велосипед жетелеп. (Полиция машинасының сиренасы естіледі) Осы кезде жол инспекторы келеді: -Сәлеметсіздер ме? Бұл жерде не болып жатыр? Тышқан: -Жол жиегінде футбол ойнауға болмайды десек, Қонжық пен Жолбарыс тыңдамайды. Жол инспекторы: — Жолбарыс, Қонжық Тышқан дұрыс айтады. Жолда сақ болу керек.
Жануарларды адамдарға ауыстырсан болады
Сценарий :