Жол белгілері туралы әнгіме​

хахаха41 хахаха41    2   06.02.2021 20:15    1

Ответы

Жол белгілері – көше жолдарында және автомобиль жолдарындағы көліктердің және жаяу жүргіншілер ағынының қозғалысын ұйымдастыру сызбасының маңызды құраушысы. Ескеретін жайт, жол белгілерінің өз функциясын атқаруы ең бастысы, өндіріс технологиясынан және пайдаланылатын материалдарға байланысты болады. Жол белгі, жел және қар күшінің әсеріне, атмосфералық әсерге, итерілістер мен тас соғуларына, вандалдардың әдейілеп жасайтын әрекетіне және басқа факторлардың әсеріне қарамастан өзінің геометриялық өлшемін және пішінін сақтап қалуы тиіс. Сонымен қатар, жол белгісінің бейнесі, пайдаланудың барлық мерзімінде, өзінің фотометриялық және колориметриялық сипаттамасын сақтап қалуға, кешкі және түнгі уақыттарда, сонымен бірге тұманда, жауын-шашында немесе қар жаууда бейнені көру мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін, жеткілікті түрде жарық жарық шағылыстыру көрсеткіштерін қамтуы тиіс.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi