Жиынтық бағалау 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, коммуникативтік жағдаятқа сай ресми
сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып,
диалогке қатысып, ойыңызды анық жеткізіңіз.
Таланттар тоғысқан шаңырақ
Бүгінгі күні Қазақ Ұлттық өнер университетінде оқыған да, оқымаған да арманда
болып тұр. Есілдің сол жағалауындағы «Шабыт» шығармашылық сарайына қоныс
тепкен білім мен өнер ордасында оқушылар мектептен кейін колледжде, колледжден
кейін университетке түсуге мүмкіндігі бар. Тіпті бакалавриат, магистратура сатыларын
бітіргенше оқуын жалғастыра алады. Оған университеттің материалдық-техникалық
базасы толығымен жеткілікті. «Шабытта» екі балет залы, екі театр залы, аэробика залы
және әр буынның өзіне лайық студиялары жұмыс істейді. Орган залының өзі ірі
орталыққа айналды. Орталық Азия бойынша сирек кездесетін үздік орган залында небір
ірі жарыстар мен фестивальдер өткізіліп, атақты органшылар өнер көрсетеді.
Қазіргі күнi университет дамудың жаңа жолына түскен. Білім ордасында мектеп-
колледж кешенінде 5 бағдарлама, бакалавриатта 19 және магистратурада 15 бағдарлама
бойынша мамандар әзірлейді.
Оқу орнында тек 2010 жылдың өзінде жаңа өнер мамандықтары ашылды:
Мәдениеттану