« Жерұйық » көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы , Үштебе аулында ескен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм . Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы кепұлттылықтың пайда болуын көрсету . Режиссері - Сламбек Тәуекел , ал сценарийдің авторы - Лаврентий Сон сол заманның тірі куәгерлері . Басты рөлдерді Болат Әбділманов , Назгүл Қарабалина , Сергей Попов , Бағлан Әбдіраимов , Тамара Қосубаева , Алтынай Негербек , Меңтай Өтепбергенов , Алексей Јемес сынды дарынды әртістер сомдайды . Алғашында « Атажұрт » деп аталып , кейіннен « Жерұйық » болып өзерген бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді . Сценарийі үш айда жазылып біткен фильм 2009 жылғы қарашадан 2010 жылдың қараша айына дейін Қаратал өзенінің бойында түсірілген . « Адамзаттың бәрін сүй , бауырым деп » , Ұлы Абайдың осы сөзін беташар қылған картинаның көтерген жүгі барынша ауыр . Біз тарих кітаптарынан ақтарып отырып оқитын Сталин заманындағы өзге ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру саясатының құрбандарын және олардың кешкен ауыр да , азапқа толы тұрмыстарын осы фильмнен кере аламыз . Болат Әбділманов сомдаған Орынбайдың бойына достыққа адалдық , қонақжайлылық , турашылдық , әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлық сияқты жағымды қасиеттер топтасқан . Ұжымдастыру , ашаршылық , саяси қуғын - сүргін , соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де , адалдығынан айнымаған , тектілігін жоғалтпаған , ізіне шам алып түскен сатқындардың сезіне арбалмай , бір - бірін отқа итермеген мерт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады . Керіс , неміс , түрік , шешен , күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап казак еліне келген кезде қатты жатсынады . Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды теріне шығарып , бір үзім нанын да беліп береді . Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап , елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - емірде болған кейіпкер . Ол аз туған жерінен амалсыз кешіріліп әкелінген әртүрлі ұлттарды жатыркамай , бауырына басады . Міне , қазақтың казакшылығы да осында ғой ... Нағыз бұқпасыз шындыкты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес , Фильм соңы мәрт азамат - Орынбайдың Сібірге жер Аударылуы мен аяқталады . это текст