Жер байлығына аяулы көзқарас А мәтіні нешінші жақтан айтылып тұр.
А мәтіні
Ертеңіне түс ауа шыңырау төбесіне желбіреген қызыл ту көтерілді. Бұл фонтанды бұқтырып болдық, тас бекітіп бағындырып алдық жеңдік деген белгі еді. Ысқырып-осқырып атқылаған мұнай пысқырып-түшкіріп тұмшаланып қалды. Алыстан аңтарылып көз алмай күтіп жүрген жұрт аттылы, жаяулы, машиналы, түйелі шыңырауға қарай ағылып келеді. Оттан ұшқан ұшқындай ұшып, қалың топтың екі жанында балалар ойнақтап келеді.
Қалың қол шыңырауға жетті де бұрғышыларды жұтып жіберді: көтеріп әкетті, құшақтап алды, қоршап әкетті. Мыңдаған ауыздан жарыса шыққан қуаныш сөздері қат-қабаттасып у да шу гуілге айналып кетті.
Асанбай дос құшақтардан әрең босанып, шұбырған жұрт соңында, үйіне қарай жөнелді.
В мәтіні
Ал ауылда әлем кең де үлкен еді. Аспан биік болатын. Ертегідей екі бөлмелі томашадай ғана үйіміз болды. Жаз туа айналдыра гүл егіп тастайтынбыз. Тоқал қоңыр сиырымыз жыл ара қысыр қалатын. Сүті мол еді. Күн ыси бастаса тауға шығып, бүлдірген, жуа, көкбояу, қызылқат, тошала, қарақат теретінбіз, жеміс-жидектің астында қалатынбыз. Ішсең маңдайыңнан бір-ақ шығатын тау өзеніне сүңгіп алып, жалма-жан қайта атып шығатынбыз... Көкем мен тәтем тау-тас аралай шыққанда мені өздерімен қоса ертіп ала кететін. Күні бойы шотпен шағып, тастардың үлгісін жинаймыз. Кешке үлгерсек үйге қайтамыз, үлгермесек, бір қабақтың үстіне шатырды шошайтып тіге қоямыз. Ашық аспан... жыпырлаған жұлдыздар... сай түбінде өзен сарқырап ағады... алыстан мылтық атылады, бұл қасқырларды қорқытып жатқан қойшылар...
үшінші
бірінші
екінші
А мәтіні үшінші жақтан айтылып тұр.
В мәтіні бірінші жақтан айтылып тұр.
Объяснение: