Жел қайдан соғады? Ақтелпек, сен бір сәт біздің қала сыртындағы орман алаңқайында жүр-
генімізді елестетші. Екеуміз лаулап жанған оттың жанында, қураған бұтақ-
тардың сытырлап жалынға оранғанына қарап отырмыз. От ұшқындары неге
аспанға ұшады екен?
Себебі олар солай ұшуға жаралған шығар.
- Ал қураған жапырақтар ше, бозарған күл ше? Олар да жалын тілінің
ұшынан көтеріле қалықтайды ғой. Олар да ұшу үшін жаралған ба? Оларды
біреу ұшырып тұратын шығар? Сонда ол кім болды екен? Кәне, отқа жөндеп
қарайықшы. От лаулап жанған кезде оның үстінен ыстық ауаның қалай бұл-
дырап көтерілгенін байқауға болады. Міне, от ұшқындарын, күл мен қураған
жапырақтарды жоғары көтеретін де осы ыстық ауа.
Білгір ата, ондай ауаны мен де көргенмін. Асфальт үстінен бұлдырай
көрініп жатты.
- Себебі күн асфальтты қыздырады, асфальт ауаны қыздырады. Ал жылы
ауа салқын ауаға қарағанда жеңіл. Сондықтан жылы ауа жоғары көтеріл-
генде бұлдыраған әсер береді. Көтерілген жылы ауа орнына сол сәтте-ақ
көлеңкелі жердің салқын да салмақты ауасы ағындап жетіп келеді. Жер
бетінің ауасы қызған сайын жеңілдей береді. Сөйтіп, жылы ауаның ағысы
шырқау биікке көтеріледі. Мұндай кезде басқа бір өңір салқын болып тұра-
ды. Ол өңір суық болған сайын ауасы да ауырлау келеді. Сол себепті салқын
ауа өзінен-өзі жылы жаққа қарай ағындап жылжиды. Осындай сәтте жел
тұрады.
Кәдімгі Күн бар емес пе? Күн жер бетін бірдей немесе бір мезетте қыздыра
бермейді. Бір жер жылы болса, келесі бір жер салқын болып тұрады. Жер
бетінде бірдей температура болса, еш уақытта жел соқпас еді. Көк жүзіндегі
бұлттар бір орында та тұрып алып, Жер беті шөлге айналып, қала-
лардың үстiн көк түтін басар еді.
( «Негеш» балалар энциклопедиясынан)​


Жел қайдан соғады? Ақтелпек, сен бір сәт біздің қала сыртындағы орман алаңқайында жүр-генімізді елес

lmarusia lmarusia    1   04.09.2020 00:25    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi