Жеңімпаздар
Жаңа сөздер.
қола жүлдегері - бронзовый призер грек-рим күресі - греко-римская борьба
жеңімпаз – победитель еркін күрес шебері - мастер по вольной борьбе
кедергілермен жүгіру - бег с препятствиями боксшы - боксер
Олимпиада нәтижесі - Результаты Олимпиады қарсыластарымен - с соперниками
Уақыт өте келе - Со временем кәсіпқой балуан - профессиональный борец
Қазақ халқының мақтанышының бірі - Одна из гордости казахского народа
Ереже! Ережені дәптеріңе жаз.
Жалғаулық шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас кұрмаластың сыңарларын әртүрлі мағыналық қатынаста байланыс-тырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, һәм, әрі.
2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (33-аудио). Онда кімдер туралы айтылған? Тақырыбына назар аударыңдар. Кітап, 123 – бет.
Қазақстанның жеңімпаз спортшылары
Ермахан Ыбрайымов – Олимпиада чемпионы, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері. Ольга Шишигина – Олимпиада чемпионы. Ол кедергілермен 100 м жүгіру бойынша байрақты спорт додасының жеңімпазы атанды. Марина Вольнова – Олимпиаданың қола жүлдегері, боксшы. Гюзель Манюрова – Олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрес шебері. Иван Дычко – Олимпиаданың қола жүлдегері. Ақжүрек Таңатаров – Олимпиаданың қола жүлдегері, еркін күрес шебері. Василий Жиров – Олимпиада чемпионы, боксшы. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогіне қол жеткізген алғашқы Қазақстан боксшысы. Юрий Мельниченко – грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы.
«Атақты спортшылар»кітабынан
5-тапсырма. Жеңімпаз болу үшін спортшының бойында қандай қасиеттер болуы керек? Төмендегі сын есімдерді қатыстырып, шағын мәтін құраңдар. Талғаулықты және себеп-салдар жалғаулықтарын қолданыңыздар. Кітап, 124-бет.
Күшті, мықты, керемет, жүлделі, табанды, тынымсыз, еңбекқор
3- тапсырма. Орындары ауысқан сөздерді дұрыстап қойып, сөйлем құра. Дауыстап айт.
Келеді Қазақстандық бері . қатысып жылдан олимпиада спортшылар 1972 ойындарына әрқашан . оралады ойындарынан боксшылары еліміздің жүлделі олимпиада жинадық . мәлімет біз туралы Серік көптеген Қонақбаев күміс Олимпиадасының 1980 жүлдегері Мәскеу С. Қонақбаев . жылы – өткен боксшы.
6-тапсырма. Адасқан әріптерді орнына қойып, ойын түрлерін айтыңдар Кітап, 126-бет.
Дескриптор. Адасқан әріптердің орнына қойып, ойын түрлерін айта алады. Адасқан әріптерді қатесіз жазып, ойын түрлерін айтуда қателіктер жібермейді. Жасалған жұмысты мұғалімнің почтасына немесе WhatsApp номеріне жазыңыз.