Жазылым
4.
«Меніңше, жеңіс - ...» деген тақырып бойынша эссе жаз .​

natazhukova95 natazhukova95    1   01.04.2021 18:16    3

Ответы
sasha235sasha sasha235sasha  01.05.2021 18:19

Меніңше,жеңіс-адамзат бойында қуанышты оятатын,шаттандыратын,мақтандыратын қуанышты сөз.Ұлы Отан соғысы кезінде-жеңіс сөзін есіту,әр халықтың арманы болатын.4-жылдық соғыстан кейінгі жеңіс-ең қуанышты хабар болды.Нацистік неміс басқыншыларын жеңген Совет армиясының жеңісіне қуанбаған адам қалмаған шығар.Қуаныштары көз жасымен жуылған қаншама аналар,жеңіп,жеңімпаз атанған,әскерден қайтқан солдаттарды гүлмен қарсы алды.Қазіргі заманымызда жеңіс тұғырынан спорт майталмандары көрініп жүр.Қазақстанның спорт жеңімпаздары әлем чемпиондары,олимпиада чемпиондары болып жеңісті қолдан бермей жүр.Былғары қолғап шеберлері,ауыр атлетика шеберлері жеңіспен оралуда.Әрбір жеңіске жеткен сайын Қазақстанның ән ұраны орындалып,бүкіл ел қол шапалақтауда.Бұл біздің Қазақстандықтардың жеткен абыройы,жетістіктері.Қай салада болмасын еліміздің майталмандары жеңіс тұғырынан көріне берсін.Елімнің туы әр жеңістерде желбірей берсін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi