Жазылым Төменде берілген мәтінді оқып, оның мазмұны мен көтерілген басты мәселесін, мәтіннің толық нұсқасын оқуға мақсатты аудиторияның қызығушылығын тудыратындай ғылыми-ақпараттық стильде аннотация жазыңыз. Аннотация жазуда келесі клишелерді қолданыңыз: мақалада ... қарастырылады, мақала ... арналған, мақалада ... көрсетіледі, мақаланың негізінде ... жатыр, автор ... мәселелерге тоқталады, автор ... мәселелерін қозғайды, автордың/мақаланың мақсаты...
Көне түркі жазбалары- баға жетпес құнды байлық Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болған жазба ескерткіштер (VIII ғ.) – қазақ және өзге түркі халықтарының көне дәуірде мәдени деңгейінің өте жоғары болғандығын дәлелдейтін баға жетпес асыл қазына. Бүкіл әлемге танылған түркі жазбалары атақты Египет перғауындарының қорғандарынан табылған шумер жазуларымен дәуірлес болып келеді. Қазақстан мен Орталық Азия және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркітілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың орта шенін де «Түрік қағанаты» деген атпен өз алдына мемлекет құрғаны тарихтан белгілі. Осы қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан-жырлардың кейіпкерлеріне, сом тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жаз мен тас бетіне түсірді. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени әрі әдеби өмірінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні бүкіл түркі халқына ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасіретін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.