Жазылым Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, эссе жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.

Ата Заң –азат елдің ар-намысы!

frausadykova20 frausadykova20    3   27.12.2020 13:16    2

Ответы

Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты - Ата Заңы. Еліміздің Ата заңы халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң тілінде айшықтаған, жер шарына, адамзат ғаламына «Қазақстан» деген мемлекет бар екенін паш еткен ерекше құжат. Бүгін – айтулы мереке. Мерекеге орай қазақ ақындарының Ата Заң туралы жырларын назарларыңызға ұсынамыз. 

Азат елдің ар-намысы- Ата Заң

Еліне арналатын тілегі шын, 

Ей, ұлым – Отанымның түлегісің! 

Іргесін туған елдің тіреп тұрған 

Қадірін Ата Заңның білемісің?! 

Ешкім де мін таға алмас елдігіме! 

Дауласып жармаспайды белдігіме. 

Бойында Ата Заңның өріліп тұр 

Даламның кеңдігі де, теңдігі де! 

Бағынған өз заңына жұмыр ғалам, 

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған. 

Қоғамның сан саласын реттейтін 

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған. 

Бастайтын болашаққа бақ кемені, 

Осы жол халықтың да нақ сенері! 

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға 

Елбасы қолын қойып Ант береді. 

Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті, 

Ел үшін кім тындырар қайран істі?! 

Еліңнің дамуы мен дағдарысы 

Ол-дағы Ата Заңға байланысты! 

Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына, 

Тікелей өсер еткен ғұмырына 

Айналды Ата Заңым мызғымайтын 

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына! 

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды, 

Шектеу де және тегін қойылмайды! 

Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел 

Қазақтың Ата Заңын мойындайды! 

Өмірден әділдік пен бақ табатын, 

Құқығым қорғалды деп шаттанатын, 

Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп 

«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын! 

Өркендеп өз қолына алған ісі, 

Биікке қазағымның самға, құсы! 

Халық боп қадір тұтып, қастерлеген 

Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы! 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/poeziya/47838/

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi