Жазылым Сан есімдерді қолдана отырып, «Адам ағзасындағы судың маңызы» туралы
эссе жазыңыз (40-50 сөз).​

pandamashenka pandamashenka    3   24.12.2020 06:56    2

Ответы
mavlud111 mavlud111  23.01.2021 06:57

Адам ағзасына су өте маңызды өйткені су - тіршілік көзі. Бұл сөзді айтып кеткен ата-бабамыз, судың адам үшін және қоршаған орта үшін маңыздылығын түсінген болар. Адам денесі сексен пайызға судан тұрса, кейбір өсімдіктер тіпті тоқсан тоғыз пайызға да судан тұрады. Табиғаттағы көптеген химиялық әрекеттер сусыз жүзеге а еді. Судың маңыздылығын көрсететін келесі жайт, ол адамның сусыз мүлде өмір сүруге мұршасы жоқтығы. Мысалы, тамақсыз адам бір аптаға толықтай шыдаса, сусыз екі-үш күннің ішінде жансыздануы мүмкін дейді ғалымдар. Сол себептен, судың күнделікті мөлшерін бұлжытпай ішіп отыру қажет. Мысалы, салмағы жетпіс кило болатын орта жастағы адамға, екі литр шамасында су ішу қажет. Яғни, егерде сіздің салмағыңыз бұдан артық болса, судың да мөлшерін көбейткен жөн.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi