Жазылым Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Ағасы бардың жағасы бар... Санжардың отбасы үлкен: жеті адам бар. Әкесі мен анасы — дәрігерлер. Атасы зейнетке жақында шыққан. Санжардың Сәуле деген әпкесі, Салтанат деген қарындасы бар. Ағасы жоқ. Үйдің кенжесі, ерке әрі сүйкімді Алдияр — Санжардың інісі. Ол сегіз жаста. Төртеуі өте тату. Сәуле — студент, ал Салтанат үшінші сыныпта оқиды. Сегізінші сыныпта оқитын Санжар аптасына бір рет үй тазалайды, Алдиярдың сабағына көмектеседі. Алдияр ойыншықтарын шашып ойнайды. Кейде сабаққа дайындалғысы келмейді. Мұндайда ол: Аға, маған көмектесші. Ағамсың ғой, - деп қиылады. Бірде анасы: Сөрелеріңді жинаңдар, - деді. Алдияр өзінің жинаулы сөресін көріп: «Ағасы бардың жагасы бар» деген осы деп мәз болды. 3. Берілген сөздерді тиісті қатарға қойып жаз. [3] Жинақтық Сапалық жалқы Деректі/жал дерексіз Қатыстық сын есім Есептік сан есім Реттік сан есім сан есім сын есім ПЫ бір рет сегізінші інші, төртеуі, зейнет,