ЖАЗЫЛЫМ лым 3-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, «Ұлы Дала тарихы» тақырыбы бойынша эссе жаз. Талаптар: • Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен құрылуы шарт. Тақырыптан ауытқымаған дұрыс. Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет. Өмірмен байланыс болуы тиіс. • Өзіндік тың пікірлер келтіру керек. Баяндау стилі нақты болуы шарт. Көріктеуіш тілдік құралдарды ұтымды қолдану қажет. • Көлемі - 100-150 сөз. 3 абзац болуы қажет

JahKhalib228 JahKhalib228    3   25.02.2022 17:18    2

Ответы
bogoslowskaia bogoslowskaia  25.02.2022 17:20

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ – ҰЛТ ТАРИХЫ

Қазақстан Республикасы жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Қазіргі заманның бір ерекшелігі – жаһандану үдерісінің белсенді қарқын алуы. Бұл – ширек ғасыр бойында өз алдына дербес ел болған мемлекетіміз үшін аса жауапты шақ екені  даусыз. Жаһандану үдерісіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай «…өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз». Осы орайда Қазақстан қоғамында рухани жаңғыру бағдарламасы аясында кешенді түрде ауқымды шаралар назарға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылдың 21 қарашасында тарихи сананы одан әрі жетілдірудің заманауи үлгісін ұсынып, «Ұлы даланың жеті қыры» атты еліміздің болашаққа бой сермейтін, бағдарын айқындайтын, халықтың сенімділігін арттырып тарихи санасын жаңғыртуға жаңаша жол ашатын тың бастамалар негізіндегі мақаласын жариялады. Бұл мақала «Қазақстан – 2050», «Мәдени мұра», «Мәңгілік Ел», «Халық тарих толқынында» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегияларымен үндесетін тарихи-мәдени серпілістің айқын көрінісі, отандық патриотизмді, ұлттық сананы жандандыратын, халқымызға рух беретін құжат деуімізге болады.

Елімізде қоғамдық-саяси жаңғыру өз кезегінде рухани қайта түлеу негізінде жалғасын тапқан сәтте, тәуелсіз еліміздегі азаматтардың тарихи санасын қалыптастыра отырып, Ұлы дала тарихының қазыналарын толықтыру және егемен еліміздің жаһандық тарихтағы өзіндік орнын айқындау мемлекеттік саясаттың басым бағытының негізгі көрсеткішіне айналды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi