Жазылым Берілген мәтіннен есімдіктерді тауып, түрлерін ажырат. Ана

Жер бетіндегі ең әдемі сөз-Ана. Адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі.

Ананың қолы ең қасиетті, аялы қол, ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш уақытта ешнәрсе де қалтарыс қалмайды.

Сенің жасың қанша болса да-мейлі бес жас болсын, мейлі елу жас болсын, саған әрқашанда ана керек, оның аясы, мейрімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөлінеді​

bolatbekaliya bolatbekaliya    1   18.05.2021 07:09    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi