ЖАЗЫЛЫМ 8-тапсырма. Мәтін мазмұнында баяндалған Орысбайға
мінездеме бер.
Спортшы Орысбайды көргенде көне грек қаһарманы Герку-
лес осындай-ақ болған шығар деп ойлайтынбыз.
Орысбай ақын, бәріне таңғалып қараудан əлі бір рет танған
емес. Бір замандасы: «Орысбай тұнған фольклор», дейді.
Енді оған «әулие» дегенді қосақтап айтатындар шығып жүр.
Орысбайдың қойшылар өмірі туралы жазған тарауларын
оқып отырғанда, өзіңді оның алдында біртүрлі сезінесің. Егер
Орысбай журналист-жазушылықты қаламағанда, тәуір шо-
пан болып шығатынына бек сенімді. Ит жүгіртіп, құс салып,
саятшылық өмірге еркiнше ден қоятын еді. Өйткені оның жан
дүниесі тұнып тұрған романтика.