Жазылым (55-60 сөз) Берілген екі тақырыптың бірін тандап, теңеу, эгшитет сөздерін қолданып, жазба жұмысын
орындаңыз. Жазба жұмысында сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне мән берініз.
1)
Қазақ ұлттық қолөнері
Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда. Сізге
қандай қолөнер бұйымдары ұнайды. Қолөнер бұйымдарына не жатады? Қандай түрлерін
блесін? Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне сай етіп эссе құраңыз.
Қалаған бұйымыңызды теңеу, эштет сөздерін қолдана отырып, суреттеңіз.
Қазақ халқының қол өнері ерте заманнан бастап дамыған. Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Атап айтатын болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор.
Объяснение:
Вот правильный 100%