ЖАЗылым 4-тапсырма. Қажетті сөздерді қатыстырып, «Шығыс күнтізбесі» субұрқағы
туралы Әлібек пен Сашаның диалогін жаз.
Қажетті сөздер: мәрмәр тас, субұрқақ, киіз үй, қызғылт.​

Макс00796 Макс00796    3   10.12.2020 09:46    14

Ответы
ayla678 ayla678  10.12.2020 09:50

Әлібек: – Сәлем,Саша!

Саша: – Сәлем,Әлібек!Қалайсың?

Әлібек: – Жақсы,өзің ше?Алматыға қош келдің, достым!

Саша: – Менде де бәрі жақсы.Ия,жазғы демалысымды Алматыда өткіземін деп шештім.Сенің уақытың болса,мені қала ішін аралатып,таныстыра аласың ба?

Әлібек: – Әрине,жүр кеттік!Бізге жақын жерде қаланың символына айналған әрі ең әдемі субұрқақ "Шығыс күнтізбесі" бар.

Саша: – Субұрқақтың есімі қызық екен.Неге олай атаған?

Әлібек: – Өйткені,субұрқақ Шығыс халқының 12 жылдық күнтізбесі бейнесін береді.

Саша: – Түсінікті.Ал субұрқақтың сыртқы көрінісі қандай?Субұрқаққа жеткенше біліп алғым келеді.

Әлібек – Субұрқақтың сыртқы көрінісі киіз үйдің жоғары бөлігіне ұқсайды.Ортасындағы Күн түріндегі композиция қызғылт түсті.Субұрқақ түбінде смальт мәрмәр тастардан мозаикалар жабыстырылған.

Саша: – Керемет!Көруге асықпын.

Әлібек: – Онда тездетейік.Әлі аралайтын жерлер көп-ақ!

Объяснение:

Лучший ответ кылшы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi