ЖАЗЫЛЫМ 2-тапсырма. Қысқаша берілген мәтінді түсініп, «төрт түлік» жануарлардың маңызы туралы өз пікіріңізді айтыңыз, «ПОПС» формуласын пайдаланыңыз.
Қазақ халқы түйе, жылқы, қой, сиырды «төрт түлік» деп атаған. Олардың әрқайсысының өз төлдері бар. Қазақ халқы әр түліктің пірі бар деп санайды.
Жылқы - ер қанаты. Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, «ел қорғаған ердің жан серігі» деп дәріптеген. Біздің аңыз-ертегілерімізде, батырлық жырларымызда иесі қысылғанда ақылды, күшті тұлпарлар көмекке бірінші болып келетіні туралы көп айтылады. Жылқының пайдасы өте көп.
«ПОПС» формуласы:
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін… »
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын… »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім... »
ответ: Менің ойымша, жылқы төрт түліктің ең басты жануары.
Себебі, мен оны былай түсіндіремін: Жылқы жануары қазақ халқында басқа жануарлардан гөрі көп пайдаланылған.
Оны мен мына фактілермен дәлелдей аламын: Жылқы мәтінде айтылғандай ел қорғаған ердің жан серігі және жылқыны қазақ халқы бұрыннан киелі жануар деп санаған.
Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: Жылқы төрт түліктің төресі, себебі ол қасиетті жануар.