ЖАЗЫЛЫМ 2-тапсырма. Суретке қара. «Ана мейірімі» деген тақырыпта шағын мәтін құра. Мәтінде деректі, де- рексіз зат есімдер мен көптік мәнді есім сөздерді қолдан.

Boikamen Boikamen    1   08.09.2021 19:16    12

Ответы
Алижан07 Алижан07  08.09.2021 19:20

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Объяснение:

можно лучший ответ?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi