Жазылым 1-НҰСҚА Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз. [10] немесе ТЫЛ 1) Біздің ата-бабаларымыз сұм соғыста от кешіп, окоптан кеуделерін отқа төсегенін білеміз. Олар Отанымызды, біздің тыныштығымызды, төбеміздегі бейбіт аспанды корғады. Олар ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің еңбегін баяндай отырып, мектепішілік газеттің «Ел айнасы» айдарына мақала-портрет жазыңыз. 2) Ғылыми фантастика жанрындағы шығармаларға сұраныс деңгейі қандай? Осы мәселені көтеріп мектепішілік газетке "Фантастика бізге керек пе? тақырыбында ақпараттық мақала жазыңыз тжб
Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар арасында болған. Бұл соғыс екінші дүниежүзілік соғыс болып саналады. Ұлы жеңіс Адамзат тарихындағы ең сұмдық қан майданның өткеніне 76 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңісті біз ұмытпаймыз. Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігі дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні - абыроймыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқалары. Жүрек жұтқан ата бабаларымыз бізді бейбітшіліктің аспанында тыныш өмір сүрсін деген үмітпен соңғы демдері қалғанша Отанымызды қорғап өтті. Ата бабаларымызбен мақтану мойнымызға жазылған парыз!