Жазушы туралы мазмұндаудын жоспарын құрындар керек болып тұр Әдебиет 5сынып 88бет Менің атым қожа туралы​

20Iulia 20Iulia    3   10.02.2021 13:08    0

Ответы
melchenko11 melchenko11  12.03.2021 13:08

Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа» Б. Соқпақбаев

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау; шығарма бойынша кейіпкерге мінездеме бере отырып, салыстыруға, олардың бейнесін аша білуге алған білімін қолдана білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Әр баланың сезіміне ерік бере отырып түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.

3. Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі - өнеге алуға шақыру; жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Оқушыларды өзінің және өзгенің бойындағы жағымды – жағымсыз жақтарын көре отырып, ажырата отырып, ұстаз еңбегін бағалап, айналасындағылармен жақсы қарым - қатынаста бола білуге адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту

Әдісі: БҮҮ, кубизм стратегиясы, түртіп алу, бағытталған оқу стратегиялары, ой қозғау, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы, бейнетаспа (фильмінен үзінді), слайд, суреттер.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi