Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
2-тапсырма
Жазда табиғат деген әп-әдемі болып тұрады. Дала құлпырып тұрады, жануарлар жүгіріп ойнап,өзендерден су ішеді.Құстар аспанда сайрап жүреді.Жаз өте керемет жыл мезгілі.
3-тапсырма
Жаз мезгілінде көбінесе ауа-райы қандай болады?
Жаз мезгілінде қандай ойындар ойнауға болады?
Жазда қандай мерекелер болады?
Жаз мезгілінде қар жауа ма?
Жаз мезгілінде жаңбыр қажет пе?Және не үшін?