Жаяу жүргіншіге арналған нұсқаулық 1.Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.

2.Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;

3.Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;

4.Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;

5.Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;

6.Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;

7.Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн.

Мәтін не туралы?

Жаяу жүргінші жолды қай жерден өтуі тиіс?

Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді қай жерден күту қажет?

Бағдаршам істен шыққанда жол қозғалысые кім реттейді?

alexboyko95 alexboyko95    1   12.03.2021 07:51    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi