Сағаттың тiлiндей айналған күн өте бердi. Мұқанның қарағайды қамыстай қаусатып, қолымен тартып құлатқаны, талай ауыр жүктi жалғыз тиегенi аңыз болып айтылып жүрдi. Челябинск, Қазан, Уфа, Самарға бiрнеше рет барып та қайтты. Бойы өсiп, буыны қатая түсiп, он сегiздегi жiгiт болды. Қыс ортасы ауып, февральдың iшiнде, үстi-үстiне төпеп қар жауып, Қызылжар айрықша суытты. Масликовтың үйiне отын да, шөп те шақ келмедi. Ауыр жұмыс қайда болса Мұқанды сонда жұмсау әдетке айналды.