Жаттығу жұмыстарын орындау.
Сұрақ – жауап.(дәптерге жазып аламыз)
–Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
-Сөйлемнің неден тұратынын табайық.
- Бір-бірінен бөлек жазылатын сөздерден құрылады.
-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
- Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
2-тапсырма «Орнын тап!» Орны ауысқан сөйлемдер берілген сөйлемді дұрыс құрап,тыныс белгісін қойып шығыңдар.
А) Әсел, айтады, ән, Отан туралы. Мысалы: Әсел Отан туралы ән айтады.
Ә) Болат, тартады, домбыра.
Б) Концерт, қоясыңдар, ма, сендер.
В) Қандай,оның,даусы, керемет.
3-тапсырма. Мақал берілген. Сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.
1.Береке көзі бірлікте. Мысалы: Береке көзі бірлікте ме ?
2.Отан оттан да ыстық.
3.Ер қанаты ат.
4.Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Үйге тапсырма: Компьютерге күтім жасау ережелері мен қауіпсіздік техникасы.
Мәтінді оқып әңгімелеу.
Сөйлем және оның құрамы.Ережені оқып,жаттау. 4 сөйлем құрастыру. (Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті)
Мысалы:Ура ертең демалысқа шығамыз!(лепті сөйлем)
Сен не істеп жатырсың?(сұраулы сөйлем) тағы басқа..