Жаттығу жұмыстары: 150-жаттығу. Шылауларды теріп жазыңыз, оларды түр-түрге бөліп көрсетіңіз.
Ержан демін ішіне тартып, он шақты секунд қадала қарап тұрды да, жұлып алғандай Раушанға бұрылды (Т. А.). Жолсейіт бүгін телефон арқылы үйімен хабарласты. («Жалын»). Түзетпек едім заманды, Өзімді тым-ақ зор тұтып (Абай). Осы кезге дейін ол Раушанды сырты қызыл, іші шірік алмадай сезінуші еді (Т. А.). Ұзақты сөзден сүріндіре алмасын сезген Әкпар ызаға булығып, осындай оңашада алқымынан біраз езіп алу үшін тұра ұмтылған. Сонан соң біраз кісілерді «сендер боссыңдар» деп, қайтарып жіберді де, қалғандарын қарулы күзетпен далаға алып шықты. Даладағы дабыр-дұбырды естіп, үйден Әділ мен Айгүл жүгіріп шықты.
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына еліктеу сөздерді қойып толықтырыңдар, оның қай сөйлем мүшесі екендігін айтыңдар.
1) Адам тоңғандаетеді.
2) Қараңғыда мысықтың көзіетеді.
3) Кәріліктің оның басы даетеді.
4) Сәбидің мұрныетіп ұйықтап жатыр.
5) Даусын естімедім, оның аузы ғанаетті.
6) Қорыққаннан буындарына дейінетті.
7) Иттің құлағыетті.
8) Сілкіністен жереткендей болды.