Жаттығу жұмыстар. 110-жаттығу. Мәтіннен толымды, толымсыз сөйлемдерді тауып, толымды сөйлемнің астын бір, толымсыз сөйлемнің астын екі рет сызып көрсетіңдер.
Бұл Іскендір дуананың бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Бұл Өскеменіңіз, Бурабайыңыз, Бұл Семейіңіз, бұл Қарқаралыңыз – бәрінде Іскендір жалаң-аяң шарлаған. Ол отарбаны да, параходты да көрген. Іскендірде үй жоқ. Кез келген үй – оған үй. Тау-тас, сай-сала, ескі мола – бәріде оған үй. Онда ел жоқ. Оның елі – дүйім қазақ. Онда мал да жоқ. Тұрған күйі әлгі өзіңіз көрген. Ол – дүние жинамайды (Ж.Ай.).
6-тапсырма. Берілген хабарлы сөйлемдерді бұйрық мәнді сөйлемдерге айналдыр.
1. Ол бау-бақшаны күту жұмысына жауапкершілікпен қарады.
2. Әже ертек айтып берді.
3. Дәрігер емханадан кеш қайтты.
4. Азамат ғылыми еңбек жазды.