Жаттығу 2
1. Солтүстік-батысқа қарай 400 м, содан кейін шығысқа қарай 500 м және
тағы да солтүстікке қарай 300 м жүріп өткен туристер тобының орын
ауыстыруының бағыты мен модулін геометриялық әдіспен анықтаңдар.
2. Саяхатшы h = 10 м биіктікке жерге 30° бұрыш жасай көтеріледі,
содан кейін осы биіктіктен жерге 60° бұрыш жасай төмен түсті
(19-сурет). Туристің жүрген жолы мен орын ауыстыруының модулі
неге тең? Жауабын ХБЖ-да беріңдер және бүтін санға дейін дөңге-
лектеңдер.
3. Көкжиекке 60° бұрыш жасай лақтырылған дененің бастапқы жылдам-
дығын құраушыларға жіктеңдер (20-сурет). Дененің бастапқы жылдам-
дығын 10 м/с деп алып, құраушылардың сандық мәндерін анықтаңдар.
у.
h
60°
30°
С
19-сурет. 2-жаттығудың
(үй тапсырмасы) 2-есебіне арналған сурет
0
20-сурет. 2-жаттығудың
(үй тапсырмасы) 3-есебіне арналған сурет