ЖАСТАР - БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ Біздің ертеңгі күніміздің болашағы - жастар екенін білеміз. Олар біздің ертеңімізді жалғастыратын, жасампаздық эстафетасын қабылдап алып, алға қарай қарыштап, жылжып, жоспар - істерімізді одан ары дамытып, елге танытатын ұрпақ. Сол себепті, жастарды ертерек еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге және « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп Абай
атамыз айтқандай, еңбек қана ер атандыратынын ұқтырып, тәрбиелеу -маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі жастардың көпшілігі тер төгіп, еңбектенбей, жалқаулыққа бой алдырып, жеңіл жолмен табыс тапқылары келеді. Сондықтан, бұл мәселенің дұрыс жолға қойылып, дұрыс шешімін табуына жұрттың бәрі: еңбек ұжымдары, қоғамдық - мәдени ұйымдар, отбасы мүшелері, мектеп ұстаздары мен сынып жетекшілері, тіпті достары - түгел атсалысуға мүдделі. Мектеп қабырғасынан кейін дұрыс мамандық таңдап, арнайы оқуға түсіп, тамамдағаннан кейін адал және шын ниетпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген міндеттерді және орындаған жұмысты жауапкершілікпен атқару, істеген жұмысының сапасын арттыру, жаңашылдыққа, алға ұмтылып, жаңа технологияларды орнымен
пайдалана білу - жастарымыздың негізгі міндеті болып саналатынын, олардың санасына құя беру - біздің міндетіміз.
Сөздік:
Тапқыр – находчивый
Білімді – образованный
Жастар – молодежь
Шығармашыл - творческий
Болашақ - будущее
жаңашыл - новатор
Еңбекқор - трудолюбивый
Үштұғырлы - трехъязычный
Алдына мақсат қоя білуші - целеустремленный
Тапсырма
1. Мәтіннен тұйық етістікте тұрған сөздерді тауып,
талдау.
Мысалы: тәрбиелеу - тәрбие(түбір), ле-етістік тұдырушы жұрнақ, у- тұйық етістіктің жұрнағы;
2. Мәтін ішіндегі етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою.