Жасалған. «Наурызкөжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық
болады!» деген сенім бар. Дастарқан
басында жастар үлкендердің батасын
алған. Бата үлкендердің өзінен жасы
кішілерге беретін ықыласты тілегі.
Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол
болсын, қайда барса жол болсын!» деп
бата береді.
1. Қазақстанда ресми түрде Наурыз қай
жылдан бері тойланып келед?
2. Бұл мереке ненің және кімнің
үндестігін көрсетеді?
3. Парсы тілінде «Наурыз» қандай
мағынаны білдіреді? Дұрыс нұсқасын
тауып жазыңыз?
4. Наурызкөже неше түрлі тағамнан
жасалған?
5. Дастарқан басында жастар кімнен
батасын алған?